Қайтару ережелері
Билетті қайтару үшін төмендегі сілтеме арқылы өтінішті жүктеп, толтырып, tickets@showmarket.kz электрондық поштасына жіберіңіз.
- Клиент концерттерге, өзге де ойын-сауық және спорттық іс-шараларға сатып алған билетін іс-шара басталғанға дейін кемінде 72 сағат бұрын қайтара алады.
- Сатып алушы электрондық билетті қайтарған жағдайда, Оператор ақшаны қайтару кезінде комиссия ұстап қалуға құқылы.
- Кез келген санаттағы іс-шара билетін қайтару кезінде ұсталатын комиссия билеттің номиналды құнының 5%-ын құрайды.
- Егер билеттер сервис комиссиясымен (Оператор комиссиясымен) сатып алынса, билетті қайтарған кезде сервис комиссиясының толық сомасы ұсталады.
- Ұйымдастырушы іс-шараны тоқтатса, клиентке билеттің толық құны қайтарылады.
- Кез келген санаттағы іс-шара билетінің ақшасы 10 жұмыс күні ішінде қайтарылады.
- Жеңілдікпен немесе промокодпен сатып алынған билетті ішінара қайтару мүмкін емес.